Қатты желден Құрманғазы ауданданында бірнеше ғимараттың шатыры ұшып, жарамсыз болып қалды. Нақтылай айтқанда, аудан орталығында орналасқан М.Әуезов атындағы мектептің 400 шаршы метрге жуық шатыры бүлінді. Аталған білім ордасы 1982 жылы салынғанмен, 2014 жылы күрделі жөндеуден өтіпті.
Ал, Сафон ауылының балалары білім алатын Ф.Энгельс атындағы мектептің 150 шаршы метрге жуықтайтын шатыры да көзді ашып-жұмғанша қалбалақтап «ұша» жөнелді. Бұл мектеп 2011 жылы салынған еді. Бұдан өзге гараж бен қойманың 180 шаршы метрді құраған шатыры да жарамсыз күйге түсті.
Сондай-ақ, қатты жел Дыңғызыл ауылдық округіндегі мәдениет үйі мен тұрғындар баспаналарының шатырын ұшырып, жұртты біраз әбігерге салды. Қазір шығын есептеліп жатыр.