Әлем • 17 Мамыр, 2020

Жон Наньшан: Қытай елінде коронавирустың екінші толқыны туындауы мүмкін

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасының кеңесші дәрігері Жон Наньшан аталмыш елде коронавирустың екінші толқыны болу мүмкін екендігі жайлы болжамын жариялады дейді «CNN.COM WORLDOMETERS» ақпарат көзі.

Жон Наньшан: Қытай елінде коронавирустың екінші толқыны туындауы мүмкін

Оның айтуына қарағанда, ел тұрғындары індетке қарсы толыққанды иммунитет қалыптастырып үлгермегендіктен дертті жұқтыру ықтималдығы басым. Демек, індеттің екінші толқыны пайда болған жағдайда оған төтеп беру бұдан да қиын болуы мүмкін екен.

Сол себепті қытайлық дәрігер үкіметке босаңсуға болмайтыны жайлы ескертуде. Қазіргі таңда аталмыш елде індет жұқтырған адамдардың дені сауыққанымен  дүние жүзінде Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны  4 млн 507 мың 870 адамға жетсе, олардан 312 мың 345  адам бақилық болып, 1 млн 810 мың 119 адам жазылып шыққан.

Індет ең көп тараған ел АҚШ. Мұнда  1 млн 507 мың 861 адам дерт жұқтырған. Келесі кезекте Испанияда 276 505 адам ауырып жатса, бізбен көрші Ресей елінде 272 043 жағдай тіркелген көрінеді.