Әлем • 17 Мамыр, 2020

«Евровидение – 2021» Нидерландының Роттердам қаласында өтетін болды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Евровидение – 2021» Нидерландының Роттердам қаласында өтетін болды, деп хабарлады «Хабар 24».


«Евровидение – 2021» Нидерландының Роттердам қаласында өтетін болды

Еске салайық, биыл Eurovision – 2020 мамыр айында дәл осы шаһарда өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Еуропалық хабар тарату одағы байқауды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, өнер додасына қатысу үшін 18 артис өтінішін жіберіп үлгерді. Олардың барлығы биылғы сайысқа қатысуы керек болатын. Алайда сарапшылар қатысушылардың тізімі әлі де өзгеруі мүмкін екенін айтады.