Әлем • 17 Мамыр, 2020

Пауло Коэльо карантиндегі оқырмандарды қолдады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиялық жазушы Пауло Коэльо шартарапты шарлаған індетке байланысты оқшауланып жатқан оқырмандарын қолдау мақсатында су жаңа екі шығарма жазды. «Алхимиктің» авторының кезекті туындылары оқушыға қолжетімді һәм тегін.

Пауло Коэльо карантиндегі оқырмандарды қолдады

«А, Б, В, Г…» және «Әлемнің бөлшегі» («Частичка мира»)  атты ертегілер мазмұны үміт пен аяушылыққа, сенім мен арманға құрылған. Иллюстрацияланған ертегілер оқырманның жақсы күндерден үміт күтуіне һәм кез келген қиын сәтте тыныштық сақтап, сабыр етуіне үндейді. Пауло Коэльоны оқимын деушілер болса, аталған шығармалар АСТ баспасының сайтында орыс тілінде салынған.