Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың айтуынша, Үкімет резервінен берілетін 100 мың теңге өтемақы су тасқынынан зардап шеккен 5 елді мекенде яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылында тұратын 846 отбасындағы 6128 тұрғынға берілетін болады.
Ал, Ә. Усмановтың қорынан 1000 АҚШ долларын су басқан жоғарыда аталған ауылдардан бөлек, эвакуацияланған Мырзакент, Ақжол, Т. Жайлыбаев, Жантақсай, Арайлы, Нұрлытаң, Нұрлыжол, Шұғыла елді мекендерінің 5202 отбасына үлестірілмек. Банк картасын тарату кезінде коронавирус індетіне байланысты қабылданған қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтау талап етілген.
Түркістан облысы