Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қазақ тілін үйретудің шеберлік дәрістері өтеді

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің ONLAIN-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 18-19 мамыр күндері қазақ тілін оқыту саласының беделді ғалымдарының қатысуымен «Тіл үйрету әдістемесі: теория және тәжірибе» тақырыбында онлайн дәрістерін ұйымдастырады.

Қазақ тілін үйретудің шеберлік дәрістері өтеді

Мұндағы мақсаты – күнделікті тұрмыста, кәсіпте, түрлі ресми шараларда, қоғамның түрлі әлеуметтік салаларында қазақ тілін пайдалану мен оның қолданыс аясын кеңейту үшін заманауи тіл меңгеру әдістерінің қағидаттары негізінде тілді жылдам әрі оңай меңгерудің түрлі тәсілдері бойынша өңірлерде қазақ тілін оқытып, үйретіп жүрген оқытушылар мен ұстаздарға әдістемелік көмек, қолдау көрсету.

Кезекті онлайн дәрістерді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов бастап, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Зейнехан Күзекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Таңат Аяпова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Мұқышева жүргізеді.

Онлайн дәріске еліміздің барлық өңірлеріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының тіл мамандары, магистранттары мен докторанттары қатысады. Дәріс фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасында тіклей эфирде көрсетіледі.