Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Тағы 3 талдықорғандық тұрғын коронавирус жұқтырды

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешелі-бері Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді. Науқастардың бәрі Талдықорған қаласының тұрғындары екен.

Алматы облысы: Тағы 3 талдықорғандық тұрғын коронавирус жұқтырды

- Облыс орталығының 1991, 1997, 1972 жылы туған 3 тұрғынан ПЦР-талдауы кезінде індет белгісі анықталды. Олар алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген болатын. Пациенттер қазір Талдықорғандағы әскери госпитальға ауыстырылды. Олармен 15 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауға алынып, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Індет ошағының анықталуына байланысты қаладағы жекелген тұрғын үйлер оқшаулануда. Қазірге дейін Талдықорған қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 18 мамырдағы қаулысымен «Самал» шағын ауданы 1-үйге, Ақжазық көшесіндегі 5-үйге, Жандосов көшесіндегі 5-үйге шаруашылық және өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар 14 күндік карантин енгізілді. Бұл үйлерді 135 тұрғын мекендейді.

Жалпы, осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 209 адамға жетті. Ал Талдықорған қаласында науқас саны 10 адам болды.

 

 

 

Алматы облысы