Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Қазақстан түлектері қандай оқу орнын таңдайды?

908 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мамандық таңдау әркімнің болашақ тағдырына әсер ететін маңызды қадам. Қазіргі әлемде мамандық түрлері өте көп, ал мектеп жасында қандай мамандық қызықтыратынын нақты анықтай алмаған жасөспірімдер мұндай шешуші сәтте абыржып қалып, дұрыс таңдау жасамайтын жағдайлар жиі кездеседі.

Қазақстан түлектері қандай оқу орнын таңдайды?

Сәтбаев атындағы университетінің мамандары жоғарыда атап өткендерге статистиканы дәлел ретінде алға тартады. Зерттеулерге сәйкес, әлем бойынша 75 миллионға жуық жасөспірімдер мектепте оқып жүргенде өздерінің кәсіби бейімділігін дұрыс анықтай алмағандықтан, кейіннен жұмыс таба алмайды. Қазақстанда жыл сайын мектеп бітірушілердің шамамен 70%-ы мамандық таңдауда қиналады, ал жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 50%-ы өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді – олар үнемі ізденумен болып, өз жұмыстарына не моральдық түрде, не материалдық түрде қанағаттанбайды.

Талапкер өзінің болашақ мамандығын қалай таңдай алады? Қателеспеу үшін, өзіне ұнайтын және бойындағы таланттарына сәйкес болу үшін, мамандықты қалай таңдау керек.

Әрине, мектеп қабырғасында оқып жүріп, алдымен болашақ қызметтің бағыты туралы, нарықта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатындығын және олардың сізге сәйкес келетін-келмейтінін біліп алу керек. Егер таңдау жасау қиын болса, кәсіби кеңесшілер сізге көмекке келеді. Бұлар арнайы даярланған психологтар, олар баланың белгілі бір кәсіптік қызмет түріне бейімділігін анықтап, бағалап береді. Тәжірибе көрсеткендей, студенттің таңдаған кәсіби бағыты мен мамандардың бағалау нәтижелері арасында көп жағдайда сәйкессіздік жиі байқалады.

Мысалы, Қазақстанда 11-сынып оқушыларының арасында жүргізілген кәсіптік бағдарланған зерттеулерге сәйкес, респонденттердің көпшілігі ҰБТ тапсырған кезде бейінді пән ретінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдаған, алайда олардың көпшілігінде гуманитарлық ғылымға деген бейімділік басымырақ байқалды. Мұндай таңдау жасау себептерінің бірі жастар өз келешегін сол таңдаған саламен байланыстырғысы келгенінде емес, себеп – техникалық бағыттарға мемлекеттік гранттардың көбірек бөлінуінде. Нәтижесінде мұндай жастар өз мамандықтарына көңілдері толмай, басқа жұмыстармен айналысады. Өкінішке орай, олардың дұрыс таңдау жасамағаны елдегі экономикалық жағдайға әсер етеді. Бүгінгі таңда елде жоғары білікті инженерлік кадрлардың жетіспеушілігі – Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Шынында да, біздің елде сияқты әлемде де техникалық мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Әсіресе ақпараттық технологиялар, робототехника және автоматика, тау-кен өндірісі, өнеркәсіптік инженерия, химиялық және биологиялық технологиялар, сәулет және құрылыс, математикалық экономика сияқты салаларда мамандар тапшы. Сондықтан да көптеген талапкерлер Қазақстанның ұзақ жылдық тарихы бар, жетекші техникалық жоғары оқу орнын – Сәтбаев университетін таңдайды.

Егер сіз еліміздегі ең жетекші техникалық университетке оқуға түсуді жоспарлаған болсаңыз, болашақта өз ісіне қанағаттанбайтын мамандардың қатарын толықтырмау үшін, қазірден бастап бойыңыздағы бейімділік пен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалай білгеніңіз жөн.

Ал егер сіз техникалық бағытқа деген бейімділікті дұрыс анықтап, қабылдаған шешіміңізге сенімді болсаңыз және тағдырыңызды экономиканың жоғары технологиялық секторларымен байланыстыруға дайын болсаңыз, онда университеттік бағдарламалар үшін әзірленген бірегей 3D навигаторды қолданыңыз. Сәтбаев университеті жасаған бұл тамаша, әрі өте пайдалы тест сізге болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.

Кәсіби психологтар мен бейімді мамандардың қатысуымен құрылған тест-навигатор белгілі бір салада жұмыс істеуге бейімділікті анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ерекше 3D ойынын жүргізу арқылы тиісті білім беру бағдарламасын да анықтайды.

Тест тұтас «суретті» бірден көрмей, барлық кезеңдерден біртіндеп, дәйекті түрде өтетіндей етіп жасалған. Назарды толық аудару үшін тесттің дизайнында ашық түстер қолданылған және музыкалық сүйемелдеу жоқ. Жақсы нәтиже алу үшін жауаптың нұсқаларына және ішкі көңіл-күйге мұқият назар аударған жөн. Сәтбаев университеті барлық талапкерлерге ҰБТ тапсыруда және дұрыс мамандық таңдауда сәттіліктер тілейді. https://satbayevtest.kz/ сайтында 3D-тесттен өтіп, білім бағдарламасын анықтауға болады.