Спорт • 18 Мамыр, 2020

Хоккейден Қазақстан құрамасы қарсыласына жол берді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионатында кезекті рет қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы қарсыласына жол берді

Халықаралық хоккей федерациясының ұйымдастыруымен ресми сайтта виртуалды әлем чемпионаты жалғасуда. Дүниежүзілік біріншілік аясында Қазақстан құрамасы 5 ойын өткізді.

Бесінші кезеңде ел командасының қарсыласы Финляндияға болды. Жеңімпаздар халықаралық федерацияның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталды.

Аталмыш кезеңде Қазақстан қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді. Келесі ойын мамырдың 18-іне өтеді. Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Италия командасы болмақ. 

Соңғы жаңалықтар