Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қордай ауданында қираған үйлер қалпына келтірілуде

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай төбелес орын алып, бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға залал келген болатын. Бүгінде сол аудандағы қираған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Алайда, Хусейн Сүлеймен, Абдурашид Багиев және Исмар Лутур сияқты кейбір жергілікті кәсіпкер тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіруді ұйғарыпты. Сөйтіп, олар мемлекеттен осы мақсатқа қарастырылған қаражатты басқа шаруаларға жұмсау үшін шығындарды оңтайландыруға ықпал етуде.

Қордай ауданында қираған үйлер қалпына келтірілуде

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барғанда да жергілікті тұрғындар көрсетілген көмек пен қолдаулар үшін ел Президенті мен жергілікті билікке алғыс білдірген болатын.

Масаншы ауылындағы жаңа мектептің құрылысы өтпелі нысан болып табылады. Ағымдағы жылы ол бойынша 550 миллион теңге игеріледі.  Масаншы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдар Двумаровтың айтуынша, бүгінде 41 көше жөнделуде, жаңа мектеп, спорт алаңы салынуда екен. Жыл соңына дейін Масаншы мен көршілес 6 елдімекенге газ тартылады. Сондай-ақ, ауылда шағын футбол алаңшасы, көше тренажерлары мен балалар алаңынан тұратын көпфункционалды спорт алаңы салынуда. Маусым айының алғашқы күндерінен бастап мұнда жергілікті балалар мен ересектер жаттығуға мүмкіндік алатын болады. Согндай-ақ, Бердібек Сапарбаев нысанды пайдалануға бергеннен кейін спорт алаңын жақын орналасқан мектептің балансына тапсыруды ұсынған еді. Масаншы ауылдық округіне Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 шағын ауылдары да кіреді. Күнбатыс-1 елді мекенінде 200-ден астам адам тұрады. Мұнда бүгінде құны 26 миллион теңгені құрайтын медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Ал, Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық мектеп салынуда. Жұмысшылардың 70 пайыздан астамын жергілікті тұрғындар құрайды. Құны 662,8 миллион теңге болатын үш қабатты нысан 25 тамызға дейін аяқталады. 

123

Сол сияқты Қаракемер ауылын дамытуға шамамен 1,6 миллиард теңге бөлінбек. Ауылдан спорт алаңы мен дәрігерлік амбулатория салынып, құны 880 миллион теңге болатын ауыз су тарту жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 11 көшеге асфальт төсеп, 6 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Кезекте тұрған тұрғындар үшін Қонаев көшесінен екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

123

Аудандағы Ауқатты ауылдық округінде 19 көшенің және №9 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мектеп ауласына толығымен өрнектастар төселіп, кәріздер жүргізіліп, жылы санитарлық жабдықталуда. Жалпы, бүгінде Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Қираған нысандар қалпына келтірілуде.

 

Жамбыл облысы