Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Протездік-ортопедиялық орталықтың өндірістік цехтары іске кірісті

468 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ мүгедектерді және тірек-қимыл аппараты патологиясы бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік оңалту көмектерімен және өтемдік құралдармен бірге үйлесімде қамтамасыз ететін мамандандырылған көп бейінді кәсіпорны.

Протездік-ортопедиялық орталықтың өндірістік цехтары іске кірісті

Орталық саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі әрі еліміздің барлық өңірлеріне қызмет көрсетеді.  Кәсіпорын жылына 30 000-нан астам бұйым шығарса, оның ішінде 60-тан астам аяқ-қол протездерінің модификациялары, барлық маусымға арналған 112 ортопедиялық аяқ киімнің модификациялары және тағы басқа өнімдер бар.  Жалпы РПОО протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74%-ға жуығын және Қазақстанда өндірілетін мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91%-ын шығарады. Бүгінде 230 адам жұмыс істейтін кәсіпорында жоғары білікті ортопед-дәрігерлер, механик-протезшілер, инженер-технологтар, протездік-ортопедиялық салада үлкен тәжірибесі бар жұмысшылар және басқа да мамандар. Орталық қызметкерлерінің арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар, ал олардың ішінде кезінде орталықтың пациенттері болған жандар да табысты еңбек етіп келеді.

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» карантиннен кейін өзінің өндірістік цехтары мен оңалту орталықтарының жұмысын қайта бастады. Елімізде осы бейіндегі ірі кәсіпорын шығаратын жеке өтемдік бұйымдар мен ортопедиялық аяқ киім елдің барлық аймақтарындағы пациенттер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

«Біздің кәсіпорынның өндірістік цехтарының қызметі төтенше жағдай кезінде тоқтатылды, бірақ біз пациенттерімізбен жұмысты тоқтатпадық. Пациенттерімізге қолдау көрсету, протездеу және ортопедиялық аяқ киім жасау туралы көптеген сұрақтарға жауап беру мақсатында телефондық «шұғыл желі» ұйымдастырылды. Телефон арқылы біздің орталықтың екі ең еңбегі сіңген және кәсіби дәрігерлері – 40 жылдық еңбек өтілі бар протезші Евгения Попкова мен ортопед Қалқа Жұманова кеңес берді. Сондай-ақ, қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен өндіріске жаңа технологияларды енгізу біздің орталыққа тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, біз протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіруге тапсырыс түскен сәттен бастап 45 жұмыс күні ішінде дайындауымыз керек, ал қазір біздің мамандар мұны орташа есеппен 17 күнде жасайды. Өндіріс көлемі мен мерзімдері бойынша біздің кәсіпорында ешқандай артта қалушылық болмайтынына сенімдіміз. Коронавирусқа қарамастан, орталық пациенттрінің ешқайсысы өздерінің өтемдік бұйымдары мен ортопедиялық аяқ киімдерінсіз, сондай-ақ кәсіби кеңессіз қалмайды», - деп атап өтті «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петров.

Бір ай ішінде РПОО 800 жұп ортопедиялық аяқ киім өндіріп, еліміздің әлеуметтік орталықтарынан бұрын алынған тапсырыстарға сәйкес, 14 жеке протезді жасауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, РПОО осы жылы 15 500-ге жуық пациентке қызмет көрсетеді деп күтілуде.