Қазіргі кезде әлеуметтік нанның өзін қалыпты бағадан 5-10 теңгеге қымбат сатып жатқан аймақтар бар. Осы орайда Ranking.kz сарапшылары қазақстандықтардың сәуір айындағы шығындарын есептеп, жалақының қанша пайызы азық-түлікке кеткендігін сараптады.
Сәуір айында қазақстандықтар бөлшек сауда объектілерінде 495,7 млрд. теңге жұмсаған. Бұл өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 40,9%-ға аз. Инфляцияға байланысты сауда көлемі жылына 44,7% құрап отыр. Ал қаңтар-сәуір айларында бөлшек сауда 2,87 трлн теңгені құраса, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 5,9%-ға төмен. «Сәуірде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі тамақ өнімдерінің үлесі 255,4 млрд теңгені құраған (51,5%). Салыстыра келгенде жылдың бірінші тоқсанда қазақстандықтар жасаған сауданың 36,6%-ы азық-түлікке тиесілі. Сарапшылар әдетте тамақ өнімдері бөлшек сауданың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайтындығын айтады.
Сәуір айында елде азық-түлікпен қатар жуатын және тазартатын тауарлар 1,5-3,6%-ға өскен. Бір ғана кір жуатын ұнтақтың бағасы бір жыл ішінде шамамен 18% қымбаттаған.