Спорт • 18 Мамыр, 2020

Шахмат: «Стейниц мемориалы» аяқталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан тұңғыш әлем чемпионы Вильгельм  Стейницті (1886-1894 жылдар) еске түсіруге арналған онлайн-турнир өз мәресіне жетті.

Шахмат: «Стейниц мемориалы» аяқталды

18 турдан кейін 15 ұпай жиған әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен жарыс жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орындарды Ресейдің қос саңлағы – Данил Дубов пен Петр Свидлер иеленді. Дубов 10 ұпайды қоржынға салса, Свидлердің одан жарты ұпайы кем. Одан кейінгі сатыларға мына ойыншылар жайғасты: Шахияр Мамедьяров (Әзірбайжан), Джеффри Сюн (АҚШ), Ле Куанг Льем (Вьетнам) – 9 ұпайдан, Сянчжи Бу (Қытай), Антон Коробов (Украина) – 8,5 ұпайдан,  Давид Антон Гихарр (Испания) – 7,5 ұпай және Александр Грищук (Ресей) – 7 ұпай.

Бүгін тағы бір онлайн-турнирдің тұсауы кесіледі. Оған Магнус Карлсен, Лижэнь Дин, Хикару Накамура, Әлиреза Фиружа, Александр Грищук, Левон Ароян, Уэсли Со, Ян-Криштоф Дуда, Сергей Карякин, Вэй И, Юй Яньи және Данил Дубов сынды ойыншылар қатысады. Алғашқы үш тәулік аралығында гроссмейстерлер айналмалы жүйе бойынша рапидтен 11 партия өткізеді. Солардың арасынан озып шыққан сегізі плей-офф сайыстарында бақ сынайды. Бұл жарыс 3 маусымда аяқталады.