Спорт • 18 Мамыр, 2020

Шахмат: Жансая Әбдімәлік үшінші орынды иеленді

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш әлем чемпионы Вильгельм  Стейницті (1886-1894 жылдар) еске түсіруге арналған онлайн-турнирдің әйелдер сайысын қазақ шахматшысы Жансая Әбдімәлік қола медальмен қорытындылады.

Шахмат: Жансая Әбдімәлік үшінші орынды иеленді

Соңғы күні алты кездесу өткізген Жансая перулық Дейси Кори, германиялық Элизабет Паэтц және иарндық  Сарасадат Хадемальшарьехтен басым түсіп, қытайық Лэй Тинцзе мен ресейлік Екатерина Лагномен тең ойнады. Ал Тань Чжонъиге қандасымыздың әлі жетеді. Осылайша, турнир барысында 11,5 ұпай жиған үшінші орынды еншіледі.

Бас жүлденің иегерін анықтау үшін қосымша бәсеке ұйымдастыру қажет болды. Себебі, Лэй Тинцзе мен Екатерина Лагно мәреге бірдей жетті. Олардың әрқайсысы 12 ұпайды қоржынға салды. Тай-брэйкте Ресей шахматшысының бағы жанды.