Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Мақтааралдық кәсіпкер 600 тонна қырыққабатты тегін таратуда

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.

Мақтааралдық кәсіпкер 600 тонна қырыққабатты тегін таратуда

Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті алып келген өңірлердің жүк көліктеріне тиеп, тегін таратуда. Кәсіпкер мақтааралдықтарға қиын тұста көмек қолын созған азаматтарға алғыспен жауап қатуды азаматтық парызы санайды.

Қостанай облысының тұрғындары да Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек алып келіп, жергілікті жұрттың алғысына бөленді. «Birgemiz» акциясы аясында Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қолдауымен топан судан зардап шеккендерге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Партия белсенділері мен волонтерлері бірлесе жинаған көмек тиелген жүк көлігі үш күн жол жүріп, Атакенттегі орталық қоймаға жетті.