Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Түркістан: Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтааралдағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді.

Түркістан: Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді

Бұл керуенді Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған.

Жалпы құны 10 млн теңгелік көмек Атакенттегі орталық қоймаға жеткізілді. Ақжайықтың жағалауынан келген азаматтар тұрғындардың сұранысына сәйкес, азық-түлікпен қатар өзге де тұрмыстық заттарды ала келіпті. Оның ішінде 1 тонна ұн, 1500 литр өсімдік майы, 2000 дана консервіленген тағам, 1000 дана тұрмыстық ыдыстар, 300 матрас пен жылы жамылғы, «Талап» АҚ-ның антисептиктері, гигиеналық заттар мен жөргектер де бар. Батыстағы ағайынның ыстық ықыласын жеткізген азаматтар мақтааралдықтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын екендерін білдірді.

 

 

Түркістан облысы