Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Түркістан: Балалар «Балдәуренде» демалады

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елді мекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек.

Түркістан: Балалар «Балдәуренде» демалады

Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьде 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді.

Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін, жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болмақ. Сондай-ақ 200 бастауыш сынып оқушысы және оларға бас-көз болатын 15 мұғалім мен медбике Төлеби ауданындағы «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына жіберілді.

Балалар оқу-сауықтыру орталықтарында білім алуын жалғастыратын болады.

1

 

Түркістан облысы