Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Маңғыстау: ТЖ кезінде коммуналдық қызмет шығындарына 2.2 млрд теңге бөлінді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров мәлімдеді.

Маңғыстау: ТЖ кезінде коммуналдық қызмет шығындарына 2.2 млрд теңге бөлінді

Коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу туралы ережесіне сәйкес, халықтың әлеуметтік осал тобының келесі 7 санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек беріледі.

Маңғыстау облысы бойынша халықтың әлеуметтік топтарының саны - 73 646. Жергілікті әкімдіктерде колл орталықтары жұмыс істеп, өтінімдер қабылдануда. Бүгінгі күні коммуналдық төлемдер үшін 15 000 теңге бойынша осы уақытқа дейін халық тарапынан 26 568 өтінім түсті. Коммуналдық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың жеке дербес шоттарын растау жұмыстары жүргізілуде.

Ережеге сәйкес, төлемдер сәуір айы үшін мамыр айында, мамыр айы үшін маусым айында төленетін болады.

Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен облысымызға 2,2 млрд теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:

Ақтау қаласы – 547,2 млн теңге, Жаңазен қаласы – 431,7 млн теңге, Бейнеу ауданы – 219,0 млн теңге, Мұнайлы ауданы – 606,1 млн теңге, Маңғыстау ауданы – 183,3 млн теңге, Қарақия ауданы – 132,4 млн теңге, Түпқараған ауданы – 83,4 млн теңге.

Өңірде коммуналдық төлемге қатысты сұрақтар мен өтініштер бойынша арнайы call-орталық жұмыс істейді.