Интернет-брифинг барысында Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшин осы тұрғыда әкім орынбасарының қатысуымен барлық мектеп директорларымен кездесу өткізілгенін, онда ата-аналар мен мектеп бітірушілерді толғандыратын өзекті мәселелер талқыланғанын айтты. Мектеп бітірген түлектер үшін куәліктер тапсыру ережеге сәйкес өтетін болады.
Түлектер мен ата-аналар арасындағы қашықтықты, сертификаттарды тапсыру уақытын ескере отырып, осы іс-шараларға арналған ережелер әзірленген. Ж.Бекшиннің айтуынша, мектеп жанындағы лагерьлердің, сонымен қатар қала маңындағы мектепке дейінгі демалыс ұйымдардың жұмысын қарастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі басшылыққа алынды. Сондықтан да қала сыртындағы демалыс орындары да ашылмайтын болады.