Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Кәсіпкерлер мәселесі оң шешімін тапты

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Н.Жиенбаевтан шағым түседі. Ол Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін игеріп, құрылыс жұмыстарын бастау үшін сәулет жоспарлау тапсырмасын алу кезінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандары жер телімдерінің бас жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылғанын мәлімдеген. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Кәсіпкерлер мәселесі оң шешімін тапты

Осы жер учаскелері алғашқыда 2014 жылы табысталып, оны кәсіпкер 2016 жылы сатып алғанына қарамастан, 2015 жылы Атамекен ауылдық округінің бекітілген бас жоспарын әзірлеу кезінде, кәсіпкердің жер учаскелері ескерусіз, жобаға енбей қалған.

Аталған мәселені жан-жақты қарап, оң шешімін табу мақсатында, өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына және Мұнайлы ауданының әкіміне хат жолдап, сондай-ақ, Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізіп, келіссөздер жүргізді.

Нәтижесінде іскердің кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерінің сәулет жоспарлау тапсырмасы берілді.

Осылайша, МО кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің тікелей араласуымен кәсіпкердің мүддесі заңды түрде толық қорғалды.

Тағы бір кәсіпкердің құқығы тәркіленген бетперделерді кері қайтару -барысында қорғалды. «Арай Фарм Актау» ЖШС директоры Т.Исатаева Ақтау қаласында орналасқан дәріханасына Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу Депратаментінің өкілдері келіп, медициналық бетперделердің бағасы қымбат сатылғанын негізге алып, бір мың дана бетпердені тәркілегенін айтып, Маңғыстау облысынының кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.

-Аталған мәселені жан-жақты қарап, кәсіпкерден тәркіленген берперделерді қайтарып беру мақсатында кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратураға хат жолдады және Департамент өкілдерімен қызметтік кездесулер ұйымдастырып, келіссөздер жүргізді.

Сөйтіп кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің тікелей араласуымен кәсіпкерден тәркіленген 1000 дана бетперде кәсіпкерге қайтарылып, мүддесі заңды түрде толық қорғалды, дейді МО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б. Қалиев.

1