Nur Otan партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Бас мүфтиді су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентіндегі эвакуациялық бекеттерде болып, тұрғындармен кен Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарға арнап «Рамазан тәттісін» ұсынды. «Апат айтып келмейді. Жаратушы бізге осындай сынақ берген екен. Ендеше сабыр сақтай отырып, сынан сүрінбей өтуді жазсын деп тілейік. Өздеріңіз білетіндей, еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген көмек арқылы барша халық қолдау танытып жатыр. Көмек қолын созып мақтааралдықтармен бірге екенін білдіріп жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын. «Әрбір істің қайыры болады» демекші Алла қаласа Үкімет тарапынан салынып жатқан су жаңа үйлерге қоныстанатын боласыздар. Бұдан кейін қуанышты күндер көп болсын», деді Бас мүфти.
Сапар соңында Наурызбай қажы Жетісай ауданында болып, «Баспанаға жол» қайырымдылық қоры есебінен салынған 3 бірдей үйдің кілтін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.
Түркістан облысы