Отырыс барысында азаматтық сектордың жаңа заңнамалық бастамаларды, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, азаматтық қоғамның ел Президентінің Жолдауын іске асырудағы және халықпен кері байланыс орнатудағы рөлін талқылауға қатысу мәселелері қаралды. Министр үкіметтік емес сектордың төтенше жағдайлар мен карантин жағдайында халықты қолдау шараларын іске асырудағы үлесін атап өтті.
Аида Балаеваның айтуынша, министрлік ашықтық пен азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл қағидатын ұстанады. Халықпен кездесулер тұрақты әрі салалық негізде өткізіледі. Министрлік мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы халықтың барынша хабардар болуын және азаматтардың осы бағдарламаларға қатысуын ерекше назарда ұстайды.
«Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлаған әлеуметтік жобалар, қазақстандықтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне негізделуі керек. Сонымен қатар жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселелері ашық болуға тиіс. Министрлік халықтың әртүрлі мақсатты топтарын (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, NEET санатындағы жастар (білімі мен дағдылары жоқ), көп балалы отбасылар және т.б.) құқықтық, қаржылық, цифрлы сауаттылық пен дағдыларға үйретуге бағытталған жобаларды әзірлейді», деді министр. Ол, сондай-ақ отырыста айтылған барлық ұсыныстар ескеріліп, министрліктің жоспарына енгізілетінін жеткізді.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, волонтерлік және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді, министрліктің ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екендігін атап өтті.
Алматыға жұмыс сапары аясында министр Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстанның митрополиті Александрмен кездесті. Кездесу Вознесенск кафедралы шіркеуінде өтті. Министр Қазақстан Православие шіркеуі қызметінің қайта жанданғанына 25 жыл толуына орай жүргізілген ауқымды ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысты.
Ол митрополит Александрдың елдегі татулық пен бірлікті сақтауға, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді дамытуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға белсенді қатысқанын атап өтті.
А.Балаева митрополитке коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қабылданған қауіпсіздік шаралары үшін алғыс айтты.
«Біз сіздің елде алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік шараларды қабылдағаныңызды, діни рәсімдерді ұжымдасып атқаруды тоқтатып, дін өкілдеріне қауіпсіздік шараларының коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мәжбүрлі түрде қолға алынғандығын түсіндіргеніңізді білеміз» деді.
Өз кезегінде митрополит Александр Қазақстандағы Православие шіркеуінің қызметі туралы хабардар етіп, шіркеу жүзеге асыратын түрлі әлеуметтік, қайырымдылық, рухани, білім беру және жастар жобалары туралы баяндады.
Кездесу соңында А.Балаева митрополит Александрға мемлекетпен сындарлы өзара іс-қимыл және серіктестігі үшін алғыс айтты.
Аида Балаева «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметовпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның азаматтық альянсын стратегиялық дамытудың басым бағыттары, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын кеңейту, азаматтық қоғамды дамыту перспективалары, Қазақстанның IX Азаматтық форумын ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
«Өзінің сайлауалды бағдарламасында Президент Қ.Тоқаев қоғамдық диалогты нығайту мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай жағдайда біз Азаматтық альянстың және осы құрылымның құрамына кіретін ұйымдардың белсенді қолдауына сенеміз», деп атап өтті министр.
Кездесу қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалог пен жүйелі байланысты дамыту бойынша өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.