Кеше Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінде «Ер қаруы - бес қару» тақырыбында онлайн-көрме өтті.

Онлайн-көрменің мақсаты - сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау.
Ұлан-ғайыр жері мен елінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда қазақ халқы астындағы атына, білегінің күшіне, жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруына сенген. «Ер қаруы – бес қаруды» өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшелеп сан түрге бөлген.
Осыған орай, көрме экспозициясы да жылдар бойы музей қорында сақталған археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлер мен қазақ халқының тұрмыс-тіршіліктерінде пайдаланған қару түрлері кесу, шабу, түйреу, соғу, ату өнерлерін қамтитын бес бөлімге топтастырылған.
Бірінші бөлімге кесу қарулары - қылыш, семсер, сапы қойылды. Б.з.д. VІІ ғ.-б.з. ІІІ ғғ. өмір сүрген сақ, сармат тайпалары қысқа «акинак» деп атаған семсерлермен екі жүзді, ұшы өткір қысқа сапты қару қанжар түрлерін қолданды. Кейін VI-VII ғасырларда бірте–бірте шабуылдауға ыңғайлы қылыш пайда болды. Қазақ қылыштары: алдаспан, наркескен зұлпықар, қайқы қылыш тағы да басқа болып бөлінеді.
Екінші бөлімге шабу қарулары - балта, айбалта, шақан орналастырылды. Б.з.б. V мың жылдық неолит дәуірінде тас құралдарды барынша пайдаланған дәуір болды. Қиын өңделетін тастарды бірте-бірте тұрмысқа пайдалану арқылы шабу қаруларының алғашқы үлгілері тас балталар, кетпендер мен келсаптар жасала бастаған. Қазақ халқы шабу құралдарын шақан, жауынгерлік балта, айбалта, жартылай айбалта деп төрт түрге жіктеп жауды жару, шабу арқылы зақым келтіретін соғыс құралдарына жатқызған.
Үшінші бөлімге түйреу қарулары - найза, сүңгі қойылды. Найза – ұшы істік, металдан істелген ұзын ағаш сабы бар, қадалғыш немесе лақтырмалы соғыс қаруы. Найза лақтыру палеолит дәуірінің соңғы кезеңінде пайда болды. Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды. Бертін келе ұзындығы 1,5 – 5 метрге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен (тас ғасыр) металдан (қола дәуірден бастап) үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Сол заманнан бері әлем халықтарының көпшілігі найзаны соғыс және аң аулау кезінде қолданды. Қазақ батырлары мен жауынгерлері де найзамен қаруланды, оған қоса түйреу қарулары ретінде сүңгіні және жыданы алыс-жақындығына байланысты көбірек пайдаланған.
Төртінші бөлімге соғу қарулары шоқпар, гүрзі жатқызылды. Шоқпар мен сойылдың алғашқы түрлері сонау неолит заманында пайда болған. Әуелде ағаштан, кейін тас мен металдан жасалды. Сойыл - көбіне шығыс халықтарына тән дүние. Ежелгі еуропалық мәдениетте мұндай қару өте сирек қолданылған. Мәселен, бұл қаруды б.з. ІІ ғасырларында тек рим әскері ғана қолданған. Тек XVІІІ ғасырдан бастап қана сойыл түрлері еуропалық қару-жарақ қатарына енгізіле бастаған. Кейін тіптен билік пен абыройдың символына айнала бастайды. Оның бас жағы темірмен қапталады, кейбір түрі үлкен шегелермен қадауланды. «Мұндай ағаш сойыл түрлерін атам қазақ шомақ деп атаған.
Бесінші бөлім ату қаруларына - садақ, жебе, оқтар жатқызылды. Садақ - ежелгі замандардағы аңды алыстан жайрататын ең көне әрі көп таралған қару түрлерінің бірі. Садақтың тарихы сонау мезолит дәуірінен басталып ХХ ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Түркістан маңындағы Сидақ ата, Қаратөбе, Жүйнек деп аталатын қала орындарындағы қазбалардан жебе түрлері көптеп табылған. Музей қорында жебе ұштарының қоладан, сүйектен жасалған түрлері бар. Олардың ішінде қола дәуірінің орта кезеңіне жататын кремний деп аталатын тастан жасалған б.з.д. ХVІ-ХІІ ғғ. тән жебелермен бірге VІІ-VІІІ ғғ. түркілер кезеңіне тән жебелер де бар. Мұндай жебелерді ІІ мыңжылдықтың бас жағында көшпелі халықтар көптеп қолданған. Осы бөлімге ату құралдары ретінде қамал қоршауларын бұзуға арналған тас атқыш оқтар да қойылды.
Ежелгі заман мен орта ғасырларда ширатылған талшықтың (сіңірден, былғарыдан, тағы басқа материалдан жасалған) серпімділік күші арқылы жұмыс істейтін лақтырғыш құралдары пайдаланылды. Орталық Азияда тас атқыш құралдар орта ғасырлардан бастап қана қолданыла бастаған. Бұл құралдарға түрі жағынан да, принципі жағынан да жақыны - «Невробалиста». Қатты ширатылған қалың арқанның серпу күшін пайдаланып жұмыс істейтін құралды Бұхара ханы Абдолла ІІ-ші Сауранды қоршаған кезде пайдаланғаны тарихи деректерден белгілі.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар