«Нақты орындарды белгілеп, барлығына құрылыс қалдықтарын қайда шығару керегін түсіндіру қажет. Аудан әкімдері экологиялық полициямен бірлесіп, өз аумақтарыңызды аралап, аудандарыңызды қадағалаңыздар! Тәртіпсіз азаматтар құрылыс қоқыстарын рұқсат етілмеген жерге жинауда. Құрылыс компанияларын ол үшін жазаға тарту керек», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Осылайша экологиялық полиция мен аудан әкімдеріне бақылауды күшейтіп, құрылыс қоқыстарын заңсыз төгуге жол бермеу туралы тапсырма берілді.