Әлем • 19 Мамыр, 2020

Американдық журналист Бенджамин Мозер Пулитцер сыйлығын иеленді

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылдың ең үздік биографиясы американдық журналист Бенджамин Мозердің өткен ғасырдың әйдік қаламгері, ағылшындардың әдеби, мәдени кеңістігінде құбылыс болған Сьюзен Зонтагтың (Susan Sontag) өміріне арналған кітабы деп танылды. Америкадағы интеллектуал адамдардың бірі һәм бірегейі деп мойындалған ол творчестводағы әйел образын өз болмысымен көрсеткен еді.

Американдық журналист Бенджамин Мозер Пулитцер сыйлығын иеленді

800 бетті құрайтын «Зонтаг: өмірі мен шығармашылығы» атты көлемді биографиялық еңбекке романист туралы бұрын-соңды жарияланбаған сұхбаттар мен әңгімелер енген. Бұнымен қоса Зонтагтың жеке архивіндегі суреттер мен таңсық материалдар да бар. Мозер Зонтагтың биографиясына жеті жыл уақытын арнап, алты жүздей адаммен пікірлескен.

Пулитцер сыйлығының тарихы сонау 1917 жылдан басталады: сол жылы    американдық журналист Герберт Байярд Своп 1916 жылдың қазан айында «New York World» газетінде жарияланған «Германия империясына іштен көзқарас»  деген тақырыптағы материалдар сериясы үшін алғашқы сыйлық алған еді. 21 номинация бойынша берілетін журналистика мен әдебиет саласындағы беделді сыйлықтың тарихын әріден қозғасақ, Джозеф Пулитцер журналистикаға аяқасты келген екен. Ол Сент-Луистағы кітапханада өткен шахмат ойынында батыл пікір айтып, газет редакторларының көзіне түсіпті. Кейін олар Джозефті газетке жұмысқа шақырады. Студенттерді журналистикаға үйретуді Пулитцер алғашқы болып ұсынған.

1911 жылдың қазан айында венгерлік газеттік магнат Джозеф Пулитцер өмірден озып, соңына өнегелі өсиет қалдырады. Ол бойынша 2 миллион доллар өз атындағы журналистік мектеп ашуға жұмсалған. Өсиет 1903 жылы тамыз айында жазылып, сол күннен бастап Пулитцер сыйлығы расталды. Әдебиет, журналистика, музыка және театр салалары бойынша үздіктер анықталып,  әр жеңімпазға $10 000 табысталды. Ал кейбіріне алтын медаль беріледі.

Жыл сайын әлем әдебиетінің тыныс-тіршілігінен хабар беріп, үздіктерді таныстырып жүрген Пулитцер сыйлығы қазақ авторларына да бұйырсын дейміз.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20