Қоғам • 19 Мамыр, 2020

Мамандар жастар арасында қауіпті ішек ауруларының көбеюіне алаңдаулы

732 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін әлемнің барлық елдерінде ішектің қабыну ауруларына (ІҚА) қарсы күрес күні. Дүние жүзінде бүгінде кемінде бес миллион адам крон ауруы және ойық жаралы колит кеселдерінен зардап шегуде. Қазақстандық мамандар соңғы жылдары еліміздің жастар және әлеуметтік және экономикалық белсенді халқының арасында ІҚА таралуының артып отырғандығына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Мамандар жастар арасында қауіпті ішек ауруларының көбеюіне алаңдаулы

Ішектің қабыну аурулары бар тұлғаларды қолдау және көмек көрсету қоғамдық қорының мәліметі бойынша, ІҚА негізінде иммундық жүйедегі генетикалық бейімділік пен бұзылулар жатыр, ал түсіру механизмінің рөлінде қазіргі қоғамның дәстүрлі проблемалары – стресс, темекі шегу, аз қимылдау, тамақтану кезінде жемістер мен көкөністерді аз қолдану, майларды шамадан тұтыну, сонымен қатар, антибиотиктерді бақылаусыз қабылдаудың да әсері бар.

Өткен жылғы эпидемиологиялық зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстанда Крон ауруының таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 35,8 жағдайды, ойық жаралы колит – 100 мың тұрғынға шаққанда 91,5 жағдайды құрайды. Алайда бұл статистика толық емес. Себебі көпшілік мамандарға жиі қаралмайды, медициналық көмекке тым кешігіп келетіндіктен, хирургиялық әдіске жүгінуге тура келеді.

Ішектің қабыну аурулары бар тұлғаларды қолдау және көмек көрсету қоғамдық қорының төрағасы Ербол Әміржановтың айтуынша, ішек қабыну аурулары көбінесе жастарда, белсенді, еңбекке қабілетті адамдарда көп кездеседі. Сырқаттанғандардың орташа жасы – 30 жас болса, пациенттердің үштен бір бөлігінің мүгедектігі бар (20-34% жағдай), ал олардың арасында өлім-жітім жалпы халыққа қарағанда 40%-ға жоғары. Мамандарға кеш жүгіну, мүгедектікке және өлімге әкеп соқтыратын созылмалы ағым, жиі асқынулар, жас, әлеуметтік және экономикалық белсенді халық арасында кең таралудың жоғары деңгейі ІҚА-ны әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына енгізеді.

Бұл кеселдің ерлер мен әйелдерге әсері бірдей. Әсіресе 20-30 жастағылар бейім. Ауру адамның қоғамдағы өмірін қиындатады. Жеке өмірі мен отбасылық қарым-қатынастарда қиындықтар туғызады, оқу мен мансапты дамытуға кедергі жасайды. Бұл пациенттің эмоционалдық жағдайына өз ықпалын тигізетіні түсінікті. ІҚА созылымалы ауру өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатады. Тіптен қажытып, қауіпі күшейе түсуі мүмкін.

ІҚА бар тұлғаларды қолдау және көмек көрсету қоғамдық қоры медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеуден туындайтын қауіптер көпшіліктің хабарсыздығынан туындайтыны сөзсіз. Сондықтан ақпараттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу, қолжетімді тегін көмектің көлемі туралы ақпараттандыру, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің мүмкіндігін ескертеді.

- Крон ауруы мен ойық жаралы колит өмір бойына жалғасатын ауруларға жататынына қарамастан, уақтылы дұрыс диагностика мен сауатты емдеу нәтижесінде тұрақты ремиссияға қол жеткізуге және кеселді емдеуге болады. ІҚА-мен адамдар толыққанды өмір сүре алады, еңбекке қабілеттілікті сақтай алады, нәтижесінде қатерлі операцияларды қажет етпейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда ең ерте сатыда ішектің қабыну ауруларын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық процедуралардың кең спектрі бар. Бұдан басқа, әлемдік фармацевтикалық индустрия үнемі жаңа, неғұрлым тиімді дәрі-дәрмектерді өндіреді, ал Қазақстанда жыл сайын осы препараттармен қамтамасыз ету жақсарып келеді, - деді Ербол Әміржанов.

Ішектің қабыну аурулары бар тұлғаларды қолдау және көмек көрсету қоғамдық қорында хабарлағандай, 2010 жылдан бастап, ІҚА-нан зардап шегетін қазақстандық пациенттерге биологиялық терапия қол жетімді. Нәтижесінде оперативтік араласу санын айтарлықтай төмендетуге және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашылды. Ал 2013 жылдан бастап заманауи қымбат биологиялық терапияны қоса алғанда, ІҚА бар пациенттерді емдеуді мемлекет тарапынан өтеледі. Дегенмен, бүгінгі күні ІҚА-нан зардап шегетін пациенттердің тек 2%-ы ғана биологиялық терапияны алады. Ал ЭЫДҰ елдерінде (дамыған елдердің Халықаралық экономикалық ұйымы) бұл көрсеткіш 15-30% шегінде.

Жыл сайынғы Дүниежүзілік ішектің қабыну ауруларына қарсы күрес күнінің символы – күлгін лента. Әлемнің көптеген елдерінде бұл күні түрлі білім беру және ағарту іс-шаралары өткізіледі. Сондай-ақ белгілі сәулет ғимараттары күлгін түспен жарықтандырылады. Бұл ІҚА-мен ауыратын адамдарды қолдау мен жанашырлықтың нышаны.