27 Қыркүйек, 2013

Халық сенімі – өркендеудің басты тұтқасы

416 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 26 08  07 40 30  086Кеше Қарағандыда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы­ның кезектен тыс ХVІІІ конференциясы өтті. Өңір өміріндегі маңызды басқосуға партияның жергілікті ұйымдарынан сайланған 318 делегат қатысты.

Кеше Қарағандыда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы­ның кезектен тыс ХVІІІ конференциясы өтті. Өңір өміріндегі маңызды басқосуға партияның жергілікті ұйымдарынан сайланған 318 делегат қатысты.

Конференцияны партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ашып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері туралы» баяндама жасады. Аймақ басшысы өз сөзінде аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойылған мақсаттарға кеңінен тоқталды. Өндірісті өлке бойынша ел экономикасын дамытуға қосар үлесті одан әрі үлкейтуге, Елбасы тапсырмаларын тыңғылықты орындауға толық мүмкіндіктер бар. Бұл ретте нұротандықтар белсенділігі – басты арқа сүйер күш. Біз бәріміз соның үлгісін танытуымыз керек, деді Бауыржан Түйтеұлы.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова сөз кезегінде партияның жаңа Саяси доктринасы жобасы барша қазақстандықтар сияқты қарағандылықтар тарапынан да зор ынта тудырып, қызу талқылануда екенін тілге тиек етті. Жиындарда айтылған, келіп түскен ұсыныс-пікірлер жинақталып, назарға алынатынын жеткізді.

Конференцияда «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Республикалық бюджет­тің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин сөз сөйледі.

Жарыссөзге қатысқан «Нұр Отан» ХДП Октябрь аудандық ­филиалы «Жаңа Майқұдық мәдениет үйі» бастауыш партия­ ұйымының төрайымы Айгүл Әбілғазина, «Имсталькон Темір­тау» ЖШС жетекшісі Иван Геор­гиади, музыкалық комедия театры­ның директоры Амантай Ыбраев жаңа Доктринада айқын­далған ұлттың интеллектуалды­ дамуы, мықты экономика өркендеудің басты тұтқасы, өзіндік тұрмыс мәдениеті және рух күші екенін айта келіп, ХХІ ғасырда қазақстандық бірегейлікті сақтау жайлы ой-пікірлерін білдірді.

Алқалы басқосуға қаты­сушылар атынан алдағы қазан айында өтетін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV сьезіне Қарағанды облысынан 110 делегат сайланды.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15