Қоғам • 19 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ. Жұмағалиевтің, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтің, сондай-ақ Министрлік басшылығының қатысуымен мәжіліс өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

«Екі мәселе қаралды: Біріншісі бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшының жауапкершілігі туралы қараша айындағы түзетулерге түсіндіру;

Екіншісі мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарастыру.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шараларды түсіндіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы аясында іс-шараға қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшының жауапкершілігі туралы түзетулер жеткізілді.

Мәжілісті аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов аталған институттың Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға енгізілгенін атап өтті.

Одан әрі ол осы институтты іске асыру тетігіне тоқталды.

А.Қ. Жұмағалиев министрліктің басшылық құрамын орталық аппаратта және оған ведомстволық бағынысты барлық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Мәжіліс барысында халыққа қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтылды.

О.А. Бектенов атап өткендей: «Мемлекеттік органдар халыққа қызмет көрсетуде, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру кезінде ақпараттық ресурстарды жеткілікті деңгейде тиімді пайдаланбайды.

Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жер беру рәсімдерінде бар. Соның салдарынан жыл сайын осы салада жүздеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркеледі».

Осы ретте баяндамашы геопорталдарды жедел енгізудің маңыздылығын, бұл Министрліктің басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен басым міндеті болуы тиіс екенін атап өтті.

А.Қ. Жұмағалиев Агенттіктің ұстанымын қолдай келе «Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың 82%-ы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша жоққа шығарғанын» атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар мен министрліктердің қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.

О.А. Бектенов өз сөзін қорытындылай келе, қоғамның барлық өмір сүру саласына цифрлық технологияларды енгізу елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің басты факторларының бірі болып табылатынын атап өтті» делінген хабарламада.