Кеше Алматының қақ ортасындағы Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер ақша тонау мақсатында инкассаторларға шабуыл жасаған. Соның салдарынан бір адам өліп, бір адам жарақат алған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық Travel Express компаниясының инкассаторлары ақша тасымалдап бара жатқан кезінде оларға қарулы қаскүнемдер бас салған. Атыс кезінде инкассаторлардың бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, компанияның кеңсесі оқиға орнынан бірнеше метр жерде орналасқан. Қазіргі таңда осы қылмысты оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.