Спорт • 19 Мамыр, 2020

Майкл Джордан жайында фильм көрсетілуде

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері АҚШ-тың көптеген қалаларында «Соңғы би» деп аталатын деректі фильм көрсетілуде. Осы фильм арқылы даңқты баскетболшы Майкл Джорданның спорттық карьерасы қалай өрбігені жайында толық мағлұмат алуға болады.

Майкл Джордан жайында фильм көрсетілуде

57 жастағы Нью-Йорк қаласының тумасы әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырғанына ешкімнің күмәні болмаса керек. 1984 жылы «Чикаго Буллздың» жейдесін киген жас Майкл қысқа ғана мерзім аралығында ортаң қол ұжымды Ұлттық баскетбол қауымдастығынның (ҰБҚ) ең даңқты командаларының бірі әрі бірегейіне айналдырды. Расында да, спорттың бұл түрінде оның бағындырмаған белесі жоқ. Дәл осы ойыншыға көптеген керемет көрсеткіштер тиесілі. 2004 жылы «Үшқыш Джордан» өз карьерасын аяқтағанымен, оның рекордттарының көбінің әлі де мұрты бұзылмай тұр. Майклдың барлық табысын бір ғана мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Ал қысқа қайыратын болсақ, Джордан – әлемдік баскетбол тарихындағы ең үздік ойыншы ретінде түбегейлі мойындалған тұлға.

Даңқты баскетболшы, тасы өрге домалаған бизнесмен, мәрт меценат туралы түсірілген осы 10 сериялы фильм қазіргі кезде АҚШ кинотеатрларында көрсетілуде. Алғашқы сериясының өзін 12 миллионнан аса адам тамашалаған екен. Егер дәл осылай жалағасатын болса, онда  «Соңғы би» деректі фильмдер арасында рекордтық көрсеткішке қол жеткізетіні анық.