Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Алты науқас індеттен айықты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түс қайта облыста коронавирус індетінен тағы 6 науқас емделіп шыққаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қызылорда: Алты науқас індеттен айықты

Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынған. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар Covid-19 вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.

Індетті жеңген 6 науқас та Қызылорда қаласының тұрғыны. Олар енді 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.

Осымен бүгінге дейін өңірде індеттен айығып шыққандар саны 216-ға жетіп отыр.