Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Еріктілер зейнеткердің баспанасын жөндеп берді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасынан еріктілер тобы құрылып, өз қаражаттары есебінен зейнеткердің  баспанасын  шатырлап берді. Бұл туралы Жалағаш аудандық пробация қызметі мамандары хабарлайды.

Қызылорда: Еріктілер зейнеткердің баспанасын жөндеп берді

Қыс-көктем айларында шатырсыз баспананың төбесінен су кетіп, қабырғасы сыз тартып, зейнеткер қатты қиналған екен. Жалғызбасты жанның  жағдайын естіген жергілікті жастар дереу іске кірісті. Қажетті заттарды сатып алып, шатыр салып, сауабы мол іс тындырды.  

Жастардың жәрдеміне риза болған зейнеткер қиын сәтте көмек қолын созғандарға алғысын жеткізді.