Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 мамырдан бастап облыс орталығындағы Шанхай мөлтек ауданында өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін, басқа да күнделікті қажетті азық-түлік тауарларын төмен бағада сататын тағы бір «Әлеуметтік маркет» жұмысын бастады. Бұл Қызылорда қаласында ашылған 30-әлеуметтік дүкен. Сондай-ақ жыл соңына дейін қалада 18 және аудан орталықтарында қосымша 14 әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов баяндады.

Қызылорда: Тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық- түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп тұр. Өткен аптада сәбіз, пияз, картоптың бағасы жоғарыласа, қант, қырыққабат, жұмыртқаның бағасы төмендеген. Қалған 13 өнімнің бағаларында өзгеріс жоқ.

Кешегі күнгі мәлімет бойынша облыстық сауда орындарының қоймалары мен тұрақтандыру қорында 12 209,6 тонна азық-түлік сақталып, сатылуда.