Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен қызмет тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.

Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды.
Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша агенттік жүргізетін жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар