Қазақстан • 19 Мамыр, 2020

Қазақстан авиация саласындағы CAPSCA келісіміне қол қойды

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан авиация саласындағы CAPSCA келісіміне қол қойды

Бірқатар уақыттан бері Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» және ДДҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.  Нәтижесінде, Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДҰ құрған ерікті халықаралық орган CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Халықаралық Ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерді мойындады.

Бүгінгі таңда CAPSCA мамандары азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда. Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде онлайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДҰ-мен, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізеді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады.

COVID-19 шыққаннан бері жүздеген ғылыми мақалалар жарияланды және үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ИАТА медициналық консультанттары мен 10 ірі әуе компаниясының медициналық директорлар тобының сараптамалық бағалары негізінде дайындалған есепте, сондай-ақ 70 әуе компаниясының (әлемдік жолаушылар ағынының жартысын құрайтын) баяндамасында ұшу кезінде жолаушыдан жолаушыға COVID-19 жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. 

Мамандардың пікірінше, вирустың ұшу кезіндегі таралу ықтималдығының төмен болуы әуе кемесіндегі вирустық инфекцияның тікелей таралуына кедергі келтіретін ауа ағынының сипаттамасы мен бағытының ерекшеліктеріне байланысты. Әуе кемесі - қысымдағы алюминий құбырының бір түрі. Ауа атмосферадан түседі және салонның жоғарғы бөлігіне беріледі. Таза ауа іште айналады, ал енді қажет емес барлық шығатын ауа төменгі бөлікке түседі, едендегі желдету тесіктері арқылы лайнердің артқы жағына барып, одан сыртқа шығады. Қазақстандық үйлестірушілер әлемнің басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, аурулардың берілу мәселесін шешу үшін осы мәселелерді зерттейді.