Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Тарих және құқық институтының биылғы жылғы бітірушілерімен кездесу өтті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарих және құқық институты директоратының ұйымдастыруымен бітіруші түлектер үшін магистратураға және докторантураға түсу талаптары мен ережелерін түсіндіру мақсатында ZOOM бағдарламасы арқылы вебинар өтті.

Тарих және құқық институтының биылғы жылғы бітірушілерімен кездесу өтті

Вебинарға қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылары, институт директораты мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы және  4 курс студенттері мен 2 курс магистранттары негізі талаптарды талқылау барысына қатысты.

Вебинар барысында институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин талапкерлердің құжаттарын қабылдау, магистратура мен докторантураға тапсырудың талаптары мен ережелерін, магистратураға түсудің кешенді тестілеу құрылымы, бітіруші түлектерге ақылы бөлімге түскен жағдайда университет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жөнінде слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дария Асымова мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы сөз кезегін алып, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер туралы, Халықаралық тілдік сертификаттардың қажетті деңгейі, шекті балл және құжат тапсыру мерзімі туралы ақпараттар беріп өтті.

Вебинар соңында бітіушілердің сұрақтарына Нұрмұхан Әуесбекұлы, Мұхтар Мұратқазин, Дария Асымова, Нұрболат Манапбаев жауап беріп, қосымша ақпараттармен толықтырды.