Елорда • 20 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап қандай нысандар жұмыс істей бастайды?

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада сауда және ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық және ойын орталықтарынсыз, фудкорттарсыз, кинотеатрларсыз) және қоғамдық моншалар, бассейнсіз сауналар, жабық базарлар, сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы бүгіннен бастап қайта жұмысқа кіріседі.

Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап қандай нысандар жұмыс істей бастайды?

-Қазір осы мәселені мұқият пысықтап, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы дайындалуда. Сонымен қатар жалпы санитарлық-шектеу талаптарынан басқа ерекше талаптар көрсетілген нысандардың аталған санаттарының жұмыс алгоритмдері әзірленді: сауда орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, сауда бутиктерінде сатып алушылардың санын бес адамнан асырмауы, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаумен және кезекте, кассалық, сауда аймағында шамамен алғанда екі метрден кем емес таңбалар болуы керек, – деді Ж.Пірәлиева. 

Монша мен сауна (бассейнсіз) үшін күту залындағыларды қоспағанда, персоналдың келушілермен тікелей байланысын барынша азайтып, жобалық сыйымдылықтың 30%-нан аспайтын толтырумен 9:00-ден 18:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс кестесі көзделеді. 

Елорданың бас санитарлық дәрігері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажетін атап өтті. Себебі карантин шараларын жеңілдетуді ескерсек, кез келген уақытта індет қайта өршуі мүмкін.