Әлем • 20 Мамыр, 2020

Зеленский Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекітеді

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті В.Зеленский Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекітіп, Киевте үлкен мешіт салуға ниетті. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зеленский Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекітеді

Кеше Украина президенті Қырым татар халқының өкілдерімен кездесті. Онда ол жақында мұсылмандар үшін қасиетті мейрам саналатын Құрбан айт пен Ораза айтты мемлекеттік мереке етіп бекіту туралы жарлыққа қол қоятынын хабарлады. Сондай-ақ Киевте үлкен мешіт салынатын болады.