Спорт • 20 Мамыр, 2020

Мария Агапованың қарсыласы анықталды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ережесіз жекпе-жектегі ең белді ұйым - UFC-дің әйелдер сайысында күш сынасу құрметіне ие болған тұңғыш қазақстандық спортшы Мария Агапованың кіммен айқасатыны белгілі болды. 

Мария Агапованың қарсыласы анықталды

Жерлесіміз өзінің тұсаукесер кездесуін 13 маусымда АҚШ-та Мелисса Гаттоға қарсы өткізеді. 24 жастағы бразилиялық арудың осы спорт түрін серік еткелі төрт жылдан асты. Сол аралықта сегіз кездесу өткізіп, алты рет жеңіске жетті. Екі бәсекеде тең есеп тіркелді. Соңғы рет Гатто 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Каролин Роза Каведоны айқын басымдықпен ұтты.

Ал 23 жастағы Мария Агапова бес жыл аралығында тоғыз мәрте октагонға шығып, сегіз рет жеңіс тойын тойлады. Былтырғы жылдың өзінде үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Жазда ол америкалық Трэйси Кортезден ұпай санымен ұтылса, күзде АҚШ-тың тағы бір өкілі Алекса Коннерс пен бразилиялық Марилиа Сантосқа сан соқтырды. Бұл бәсекелердің екеуі де мерзімінен бұрын аяқталды.