«Мәжіліс депутаттары мақұлдаған «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы – Президенттің саяси реформалары пакетіндегі басты бастамалардың бірі. Бейбіт жиналыстарды өткізу еркіндігі біздің елдің Конституциясымен бекітілген. Бұл құқық демократиялық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде саналады. Өздеріңіз білетіндей, заң жобасы әртүрлі қоғамдық алаңда талқыланып, жұмыс тобының отырысы көп жерде өтті. Парламентте ҮЕҰ өкілдерінің, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық түрде және кеңінен талқыланды», - деді Аида Балаева.
Оның айтуынша, заң жобасын ашық талқылаудың арқасында Парламент Мәжілісі мен Сенат қабырғасында заң жобасы едәуір концептуалдық өзгерістерге ұшырады. Мақұлданған жобалар халықаралық үздік тәжірибелермен бірге, біздің қоғамның талабы мен сұранысына сай келеді.
«Заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне алғысымды білдіремін», - деді ол.