Экономика • 20 Мамыр, 2020

Қаржы институттары келісімге келді

44 реткөрсетілді

Қаржы рыногын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі қызметі өз функцияларын тиімді орындау және елдің қаржы нарығының сенімділігі мен тұрақтылығын нығайту мақсатында ақпаратпен, оның ішінде құпия ақпаратпен алмасу туралы келісімге келді.

Бұл туралы Қаржы рыногын реттеу және дамыту агенттігі бүгін таңертең  өткен онлайн форматтағы жиында хабарлады. 

«Келісім ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығы, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымы және келісімнің тараптарына бақыланатын ұйымдардың қызметі, олардың қазіргі қаржылық жағдайы туралы ақпарат алмасуға негіз жасайды»,  дейді осы жиынды өткізген Қаржы рыногын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері.

Сондай-ақ, бұл құжат бақыланатын ұйымдардың қаржы нарығындағы әділетсіз әрекеттері және олардың заңды бұзуы туралы ақпарат алмасу тәртібін реттейді.

Келісімді іске асыру реттеуші органдардың өзара іс-қимылын жандандыруға мүмкіндік береді, бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге ықпал етеді және нәтижесінде Қазақстанның қаржы нарығында ашықтық пен тұрақтылықты арттыруға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар

Қызылжарда 75 көше жөнделеді

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

Аймақтар • Бүгін, 17:20

Жігіттің жақсысы

Руханият • Бүгін, 16:21

Эрик Кантона көш бастап тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:16

Ұқсас жаңалықтар