Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістанда шығыс моншасы пайдалануға берілді

1082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іргетасы өткен жылы қаланған тарихи сәулет үлгісіндегі монша Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.

Түркістанда шығыс моншасы пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін шаһардағы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынып жатқан желілік саябақтағы жұмыс барысын тексерді. Жасыл желекке оранған желілік бақта демалыс аумақтары мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін сәулет үлгілері орнатылған. «Парасат» саябағы да ерекше келбетімен саялы баққа айналып келеді. Қайта жаңарту жұмыстары аясында демалыс орнында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр арық салынуда.

Осылайша су саябақты ылғалдандырып, қайта «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі.

Ал, «Түркістан-Кентау» бағытындағы жолдың екі шетіндегі арықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігімен жол бойындағы жасыл желек суғарылады.

1

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20