Осы сәтке дейінгі мәлім болған дерек бойынша індет тағы 7 адамнан табылып, 3 мекенжай оқшауланған. Науқастардың үшеуі Талдықорған қаласынан, екеуі Кеген ауданынан және Талғар ауданы мен Қапшағай қаласынан бір адамнан шықты. Ал облыс орталығындағы індет ошағына айналу қауіпі туындаған 3 тұрғын үй оқшауланды.
-Осы сәтке дейін Алматы облысында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. 5 пациенттің сырқат жұқтығаны профилактикалық тексеру барысында анықталса, 2 адамның ауыруы медициналық мекемеге өз бетінше жүгінуі барысында бегілі болды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөлімдеріне жатқызылды. Олармен 91 адамның байланыс жасағаны нақтыланды. Күдіктілер бақылауға алынып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. Сонымен бірге Талдықорғанда тағы үш мекенжай тиісті қаулыға сәйкес індет ошағы деп танылып, карантинге алынды. Үйлер Қаратал шағын ауданында орналасқан, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы