Биыл да бұл сайысқа қатысқан журналистер жұмыстарын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсырды. Департамент бастығының бұйрығымен бекітілген комиссия құрамы сайысқа жолданған жұмыстардың барлығымен танысып, шешім шығарды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегі бағаланып, І, ІІ және ІІІ орындармен қатар «Қанатты микрофон», «Полиция дауысы», «Полицияның алтын қаламы», «Ынтымақтастық», «Жас талант», «Шыншыл тілші» номинациялары тапсырылды.
Байқауда бақ сынап, топтан оза шапқан жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.