Елбасы • 20 Мамыр, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

А.Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.