Қоғам • 20 Мамыр, 2020

Қазақстанда індеттің өсу қарқыны 3.2 пайыз - бас санитарлық дәрігер (видео)

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова бүгінде Қазақстанда індеттің өсу қарқыны 3.2 пайызды құрайтынын айтты.

Қазақстанда індеттің өсу қарқыны 3.2 пайыз - бас санитарлық дәрігер (видео)

«Бүгінде әлем бойынша ауырғандардың саны өсіп отыр. Қазір олардың саны 5 млн-ға жуықтады, оның ішінен 324 мың адам қайтыс болды. Қазақстанда 6 969 жағдай тіркелді. Күнделікті емделіп шыққан адамдардың саны артып жатыр. Барлығы 3649  адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3.2 пайызды құрады. Оның ішінде 25-і науқас адаммен байланыста болған, 28-і скринингтен анықталды, 21-і ауруханаға жүгінген кезде және 17-сі жедел жәрдем арқылы әкелінген. Соңғы апта бойынша, коронавирустық инфекция таралуының өсу көрсеткіші 2-5 пайыз аралығында болды, ал соңғы тәулікте 3.2 пайызды құрап отыр. Жалпы соңғы аптада ауырғандар саны 15 пайызға артты» деді ол.