Парламент • 20 Мамыр, 2020

Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде басқа қызметке тағайындалуына байланысты еліміздің Жоғарғы Сотының судьялары Бауыржан Тұрсынұлы Жұмағұлов пен Асқар Спартакұлы Смайловты қызметінен босату туралы мәселе қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады

Сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын да қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады. Онда бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Нұрлан Бекназаров заң жобасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Ұсынылып отырған заң жобасы мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы қазақстандық моделі меритократия қағидаттарына негізделгені айтылды.

Заң жобасымен енгізілетін өзгерістер:

-«Дипломмен – ауылға!» жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану;

-«А» корпусының кадр резервін жасақтаудан бас тарту;

-барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурстық рәсімдерді 3 кезеңнен 2 кезеңдік іріктеуге оңтайландыру;

-мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды айқындау;

-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілігі қаралатын адамдарды басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығаруға тыйым салуды енгізу;

-Мемлекет басшысының шешімі бойынша жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеу;

Заң жобасы қабылданғанда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама одан әрі жетілдірілетін болады.

Құжаттар Палатаның қарауына берілді.