Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау туралы заң жобасы аясында Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев халықаралық трафикті бақылаудың ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы мен ЕАЭС аумағы бойынша тауарлардың бүкіл қозғалысын және оны межелі жерге дейін жеткізуді бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті: «Заң жобасын қабылдау тауарлардың барлық бағыт бойынша өткізілуінің үздіксіз мониторингін, тауарлардың межелі пункттерге дейін жеткізілуін және бюджетке тиесілі салықтар мен баждардың толық төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, төлемдері мен салықтары төленуге жататын тауарлардың өткізілуін қадағалау мүмкіндігі арқылы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру болжанып отыр, бұл бюджетке түсетін түсімдерді арттырады» деді ол.
Қазақстанда заңсыз транзиттік тауарлардың елге импортын болдырмайтын жүйе құрылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев өзінің фейсбуктегі әлеуметтік парақшасында хабарлады.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше