Білім • 20 Мамыр, 2020

Жаңа оқу жылында мектептер қандай форматта оқытады?

3445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты.

Жаңа оқу жылында мектептер қандай форматта оқытады?

«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.