Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістан: Көктемгі дала жұмыстарына кедергі жоқ

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан: Көктемгі дала жұмыстарына кедергі жоқ

Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлімдеді. Топан су басқан 5 ауылда жоспарлы жұмыстар жүйелі жүзеге асуда. Бүгінге дейін ауданда 1689 гектарға  дәнді және бұршақты дақылдар, 42043 гектарға мақта, 9893 гектарға  картоп, көкөніс және бақша дақылдары, 1620 гектарға мал азықтық, 449 гектар аумаққа  күріш дақылдары  отырғызылған. «Ауданда әрбір гектардан түсетін өнім көлемін ұлғайту мақсатында бір жерден екі рет өнім алу жұмысы тиімді жүзеге асып отыр. Биылдың өзінде ауданымызда 84 шаруа қожалығы 349 гектар егістік алқапқа ерте пісетін қырыққабат дақылын егіп, жиналған 5721 тонна өнімін еліміздің өзге  аумақтары мен ТМД елдеріне экспорттау жұмыстарын жүргізуде. Аталған 84 шаура қожалығының 10-ы бірінші өнімін жинап, екінші өнімге бақша дақылдарын егу жұмыстарын жүргізуде», - дейді Ғалым Мырзаханұлы.

Сондай-ақ бөлім басшысы мақтааралдық диқандардың «Qoldau.kz» сайты арқылы мемлекеттік  жәрдемдерді (субсидияларды) алып жатқанын айтып өтті. Жеңілдетілген бағамен 20 мың тонна минералды тыңайтқыш үлестірілген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 4160 мың тоннаға жуық жанар-жағар май бөлініп, оның 1335 тоннасы шаруаларға таратылған. 

1

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар